Күңіренген күз де,
Ұқсап тұрғандай бізге.
Махаббаттың гүлі
Солып қалды ғой түзде.
Ренжімеші күзге,
Сен үмітіңді үзбе,
Жүрегіңді тыңып,
Шын бақытыңды ізде.
Қайырмасы:
Жылама жаным,
Кінәламағың,
Тағдырыңның сенімұңды еткенін.
Жылама жаным,
Атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің.
Өкпелейсің кімге,
Қосылмаса ай мен күнде,
Мәңгі бірге болу,
Жазылды дейсің кімге,
Мен кетермін жырақ,
Тамшы мұң болып құлап,
Күзгі жаңбырменен,
Келіп тұрармын бірақ.
Қайырмасы:
Жылама жаным,
Кінәламадым,
Тағдырымның сенімұңды еткенін.
Жылама жаным,
Атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің