Сенің осы қабағың-ай
Қарақаттай жанарың-ай
Жасандылық жасауға да
Жасқанатын қарағым-ай
Сенбейсің бе сенесің бе
Сағынғанда келесің бе
Сақтап жүрген жан бар деп біл
Күндіз түні сені есінде
Қайырмасы:
Сүйем деші тағы мені
Саған сырым мәлім еді
Жүрегімнің сақтаушысы
Жанымның дәрігері
Сүйем деші тағы мені
Сен деп салған әнім еді
Бар дертіме дауа тапқан
Жанымның дәрігері
Ертеңгі күн елес арман
Күтер қанша белес алдан
Тағдырыма қарыздармын
Сені маған бере салған
Талайлардың арманысың
Адал құсым алданышым
Сен мұңайма ешқашан да
Мені ауыртып алмау үшін