Ойлаймын тыным алмай
От болып түрып алмай
Тамшы деймін
Жанымның пәктігі боп
Бағымның ақ гүлі боп
қалшы деймін қалшы деймін
Менің ақ тілегіме
Шың сүйген жүрегіме
Сенші деймін
Сайрашы сандуғаштай
Ұя сап қарлығаштай
Келші деймін
қайырмасы:
От болып оянғайдай
Аққулар таранғандай
Бір жүрген сол күндердің
Болған ай жолы қысқа
Сен кеттің санам қалды-ай
Елес боп жоғалғандай
Өмірім оралғандай
Мәңгілік сағынышқа
Мәңгілік сағынышым
Қолында шырағынды ап
Жазылған хаттарды жақ
Бұлтты күндер
Бақытқа батырады
Қол бұлғап шақырады
Тәтті күндер
тәтті күндер
Күтемін келерсіңдей
Қолыма көгершіндей
Қоншы деймін
Сұлуым сен елігім
Өмірлік жан серігім
Болшы деймін
қайырмасы:
От болып оянғайдай
Аққулар таранғандай
Бір жүрген сол күндердің
Болған ай жолы қысқа
Сен кеттің санам қалды-ай
Елес боп жоғалғандай
Өмірім оралғандай
Мәңгілік сағынышқа
Мәңгілік сағынышым