Иманмен ұят арғап ай
Кешірші мені қарғамай
Күлдірейін деп ойлап ем
Жылатып алдым аңдамай
[Қайырмасы]
Кешірші жаным кешірші
Кешірші деуім нешінші
Дірілдеп балдай ерінің
Кешірдім жаным,
Кешірдім бәрін десеңші
Кешір деп саған айтамай
Қайталай берем қайталай
Бүлініп кеткен түк те жоқ
Сүрініп кеттім байқамай
[Қайырмасы]
Кешірші жаным кешірші
Кешірші деуім нешінші
Дірілдеп балдай ерінің
Кешірдім жаным,
Кешірдім бәрін десеңші
Қазақ қызындай қадірлі
Бойыңда сенің бар үлгі
Емдеймін деп абайсыз
Ауыртып алдым жаныңды
[Қайырмасы]
Кешірші жаным кешірші
Кешірші деуім нешінші
Дірілдеп балдай ерінің
Кешірдім жаным,
Кешірдім бәрін десеңші -