Ернар Айдар
Текст

Қайран жеңгем

Ернар Айдар

Оцените песню: Голос вверх 96 Голос вниз 1

99%
1%
Есіңде ме жеңеше-ей біздің ағай, 
Сырласып отырушы едік біз құда дай! 
Қанды балақ соғысты - оуу, қарғы сатсын, 
Қайран жеңгем шырқыңды бұзыды қалай?! 
 
Су сұрасам, сүт берген, айран берген! 
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, 
Қарғаның валетіндей едірейіп. 
Қасыңа мына біреу қайдан келген?! 
Қайран жеңгем!
 
Өзің болсаң тымағат ойланғайсың, 
Басыңа бақыт емес, қайғы алғансың. 
Бұқалықта тұрмайтын, асау едің, 
Қара мұртқа қалайша байланғансың?! 
 
Су сұрасам, сүт берген, айран берген! 
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, 
Қарғаның валетіндей едірейіп. 
Қасыңа мына біреу қайдан келген?! 
Қайран жеңгем! 
 
Жүруші еді ауылың мақтан етіп, 
Аяққа киіп алып саптан етік. 
Талайларды жүруші ең аттап өтіп, 
Талайларды кетуші ең таптап өтіп. 
 
Су сұрасам, сүт берген, айран берген! 
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, 
Қарғаның валетіндей едірейіп. 
Қасыңа мына біреу қайдан келген?! 
Қайран жеңгем!
 
Қартайып қалыпсың-ау қайран женгем, 
Кайғыға мойымаушең кайдан келген, 
Сағынып жүр ме екенсің ардақтым-ау 
Баяғы жастығыңды майданда өлген. 
Қайран жеңгем!