Есейдім бе балалық жоқ байырғы
Ұқпай жүрмін өз-өзімнің ойымды
Тағдырымнан бақытымды сұрасам
Тағдыр айтты сенің мекен-жайыңды
Қатты сағындым
Арасында адастым тәтті сағымның
Мен түгілі сабыры кетті сабырдың
Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның
Қатты сағындым
Жүзің түгілі есіміңнің түсі аппақ
Соны естісем көкірегімнің іші аптап
Көркіңді көрмей кетсе көздерім
Жылайды ылғи жүрегімді құшақтап
Қатты сағындым
Арасында адастым тәтті сағымның
Мен түгілі сабыры кетті сабырдың
Жылуына мұқтажбын ақ құшағыңның
Қатты сағындым
Жұмбағы мол Жер шарынан іздеген
Саф алтыным жанымда екен бұрыннан
Жарығым-ау бір адамбыз біз деген
Бірақ, бірақ екі анадан туылған