Жан едік арманы бір
Бізді арман алдады құр
Сағымға кетті айналып
Түнгі сыр таңдағы жыр
Бәрі енді ұмыт болды
Үзіліп үміт сөнді
Бір ғана бар сурет
Естелік болсын деп
Біз түскен күліп соңғы
Екеуміз, екеуміз білмеген екенбіз
Сезімнің жүрекке саларын бекер сыз
Екеуміз, екеуміз қосыла алмай өтерміз
Қинаған мұң сыйлаған тағдырға не етерміз
Аудырып есімді жүз
Мазамды кетірді күз
Естелік үшін ғана
Кездескен секілдіміз
Сағынған шақта солай
Көңілің таппаса жай
Сенің де білемін
Сыздайды жүрегің
Саған да соқпас оңай
Екеуміз, екеуміз білмеген екенбіз
Сезімнің жүрекке саларын бекер сыз
Екеуміз, екеуміз қосыла алмай өтерміз
Қинаған мұң сыйлаған тағдырға не етерміз