Жанардан ақса тамшылар
Шын сағынса да жан шыдар
Барлық адамда жүрегі сүйген
Келмейтін бір жан бар шығар
бар шығар
Бар бәлкім бір жан барлығымызда
Көнбейді жүрек жарлығымызға
Болады бәрі тағдырымызға орай
Елесі болып сағым кел дейді
Бақыттың гүлін бағым бермейді
Уақыт жаралы жанымды емдейді солай
Сырғыйды уақыт сынаптай
Үміт сөнбейтін шырақтай
Бақытты болсақ болмайма әлде
Ешкімнің жанын жылатпай
жылатпай
Бар бәлкім бір жан барлығымызда
Көнбейді жүрек жарлығымызға
Болады бәрі тағдырымызға орай
Елесі болып сағым кел дейді
Бақыттың гүлін бағым бермейді
Уақыт жаралы жанымды емдейді солай