Ернар Айдар
Текст

Бала ғашық

Ернар Айдар

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Бала махаббатым балдай арманым
Бақытымды қалай таңдай алмадым
Бабам жердің бетін қалай жаулаған
Жүрегіңді сенің жаулай алмадым
Бала жүрек сүйген бала ғашығым
Әлі менің алда алар асуым
Көңіліңнің кілтін табатын едім
Айта алмадым бұрын саған ашығын
 
Бала күнде сүйген бала ғашық
Тағы келіп тұрмын сәл адасып
Бала ғашық
 
Махаббатымыз бен тағдыр егесіп
Аттап өте алмадық тауды кеңесіп
Ауылдың көшесін кешкі салқынмен
Аралап қайтайық әңгімелесіп
Есіме алып бала шалалығымды
Естиін деп едім жаңалығыңды
Сағынбасаң мені сағымға айналған
Сағынған шығарсың бала күніңді
 
Бала күнде сүйген бала ғашық
Тағы келіп тұрмын сәл адасып
Бала ғашық