Ернар Айдар
Текст

Ана

Ернар Айдар

Оцените песню: Голос вверх 41 Голос вниз 1

98%
2%
Сен маған көз ілмей жақсылық тіледің
Әнім, ақ тілегім ұсынған жүрегім
Ұл-қызың еңбегіңді жүз өтесін
Жел соқса керегемді түзетесің
Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей
Сен менің бақытымды күзетесің
Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей
Сен менің бақытымды күзетесің
 
Қ-сы
Ана сен асылым, ана жанашырым
Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың
Ана данамыз да, ана панамыз да
Алла қуат беріп жүзге жет арамызда
 
Сүй дедің елімді құшағын жайды ұлың
Сен берген өнеге өмірлік байлығым
Садақа шуақ толы жанарыңнан
Ас өтпей алаңдайсың тамағыңнан
Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма
Анаға ұл-қызының хабарынан
Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма
Анаға ұл-қызының хабарынан
 
Қ-сы х2
Ана сен асылым, ана жанашырым
Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың
Ана данамыз да, ана панамыз да
Алла қуат беріп жүзге жет арамызда