Жүрек үнсіз сағынышын жасырады,
Қараңғылық түн ұйқыңды қашырады.
Таң атқанша тербеп тәтті қиялдарын,
Аяулысын көргенше тез асығады.
Қайырмасы:
Сол бір кеште келем дедің,
Сені күтіп елеңдедім,
Бірақ мені тоспадың,
Арманы боп басқаның.
Қош бол менің өмір әнім
Таппас енді көңіл сәнін
Аңсап әнге саламын,
Сені жаным табармын.
Таң атқада тың оянам төсегімнен,
Көңіл сергек көтеріңкі кешегіден
Махаббатты жалған екен дей алмаймын
Сені күтіп, аңсап жүрмін неше күннен