Ерлан Орынбасаров
Текст

Әкеге сағыныш

Ерлан Орынбасаров

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз 1

88%
13%
Айтар ойым салмақтаған
 Сен мен үшін ардақты адам
 Қол жетпеген арманымды
 Келешекке жалғап барам
 
 
 Асыл әке асқарымсың
 Жұмбақ әлем аспанымсың
 Жазылмаған дастанымсың
 Жыр әнімсің оооу
 
Асыл әке сағынышым
 Жүрегімнің жалынысың
 Көңілімнің жарығысың, жарығымсың
 
Арқалаумен отау жібін
 Атар таңым, батар күнім
 Өзің барда сезінбеппін
 Бұл өмірдің қаталдығын
 
 
 Асыл әке асқарымсың
 Жұмбақ әлем аспанымсың
 Жазылмаған дастанымсың
 Жыр әнімсің оооу
 
Асыл әке сағынышым
 Жүрегімнің жалынысың
 Көңілімнің жарығысың, жарығымсың