Дильхан Исаев
Текст

Жан жарым

Дильхан Исаев

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз 1

88%
13%
Бақ сарайыңды өзіңмен аштым
Жаныма нұр сыйлап шамымды жақтың
Қарап қабағыма балаңды бақтың
Жәнатын жалғанның үйіңнен таптым
 
Жанымсың аяулы жарымсың
Анасы балаларымның
 
Серілік өмірмен өтіпті көп күн
Мазасыз кей түнде көз ілмей күттің
Жұмбағын сырыңның шеше алмас ешкім
Өкпелеп тұрсаңда үндемей кештің
 
Салғанда сынына тағдырдың
Мойымай жоқтан бар қылдың
Көтердік нар жүгін жаным шыдадың
Тектісің сарқылмас төзім бұлағың
 
Жанымсың аяулы жарымсың
Анасы балаларымның
 
Серілік өмірмен өтіпті көп күн
Мазасыз кей түнде көз ілмей күттің
Жұмбағын сырыңның шеше алмас ешкім
Өкпелеп тұрсаңда үндемей кештің
 
Серілік өмірмен өтіпті көп күн
Мазасыз кей түнде көз ілмей күттің
Жұмбағын сырыңның шеше алмас ешкім
Өкпелеп тұрсаңда үндемей кештің
 
Күндерге түндері ілескен көш бұл
Ғазалын ғажабын сезімнің кештің
Маздатпай лаулаттық махаббат отын
Бөлістік бақытын ғанидың бес күн
Жаным-ау өзіңдей бола алмас ешкім