Ұнайды күлім көзің ұнайды шырын сөзің
Құлаққа таққан күміс ақ сырған
Қып-қызыл шие ерін ұнайды қыпша белін
Белдігін ғана қысып қақсырған
Ұнайды алма бетін жанардай жанған отын
Сол менің жүрегімді өртеген
Күнім-ау сені көріп көңілім тербеліп
Жоғалтып өзімді-өзім алғандай
Иә иә хоп-хоп
Иә иә хоп-хоп
Ұнатамын сені осылай
Иә иә хоп-хоп
Иә иә хоп-хоп
Менің бағым ғана болсаң-ай
Сырғандай құлағында түндердің бір уағында
Жоғалсам ба екен түсіп қойнына
Жырымды жалдап мынау алқанда болмаппын-ау
Тағылған сенің әппақ мойнына
Ұнайды ақ тамағын кіршіксіз әппақ арын
Ақылын көркінменен ұштасқан
Ұнасам саған мен де айналып самал желге
Әлемді аралатам жаным-ай
Иә иә хоп-хоп
Иә иә хоп-хоп
Ұнатамын сені осылай
Иә иә хоп-хоп
Иә иә хоп-хоп
Менің бағым ғана болсаң-ай