Дәстүр Асылхан
Текст

Көк көлдегі кештер ай

Дәстүр Асылхан

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Жағалауда жасыл құрақ жалбырап
Күн батады күнде осылай балбырап
Қызыл құнан қызыл шұғыла нұр қылып
Нұр қылып кештері ай
Көк көл беті қызарады
Қызарады албырап
 
Ашық аспан сыр шертеді ғайыптан
Торғын торғай ыстығынан айыққан
Құлақтарын елеңдетіп қаздардың
Көк көлдегі кештер ай
Ән естілер жеке жүзген
Жеке жүзген қайықтан
 
Өткен күндер кеткен күндер елестер
Көз саламын көп қыдырған белеске
Салқын самал жайлап ескен көк көлді
Көк көлдегі кештер-ай
Түсірместі түсіресің
Түсіресің сен еске
Салқын самал жайлап ескен көк көлді
Көк көлдегі кештер-ай
Түсірместі түсіресің
Түсіресің сен еске