Дәстүр Асылхан
Текст

Менің атам

Дәстүр Асылхан

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз 1

95%
5%
Сәбиімнен атама еліктедім
Әңгімесін тыңдаудан зерікпедім
Тақиясын басыма киіп алып
Сыртқа талай сүйреттім кебістерін
Тақиясын басыма киіп алып
Сыртқа талай сүйреттім кебістерін
 
Ұйықтағанда жататын қасына алып
Бір сырым бар айтпаған ашылып
Белін талай шойрылттым балалықпен
Етім қызып көрпесін ашып алып
Белін талай шойрылттым балалықпен
Етім қызып көрпесін ашып алып
 
Сонда да сүйетін шопылдатып
Тізесіне қондырып күй тыңдатып
Атам қандай қажырлы қасиетті
Қасына ертіп алатын томпаңдатып
Атам қандай қажырлы қасиетті
Қасына ертіп алатын томпаңдатып
 
Әке көрген оқ жонар дейді халық
Талай білім атамнан қалдым алып
Сол атам ғой мектептің құшағына
Жирен атпен апарған алдына алып
Сол атам ғой мектептің құшағына
Жирен атпен апарған алдына алып
 
Сол атам ғой мектептің құшағына
Жирен атпен апарған алдына алып