Тұр әлі терезеннен ай сәулесі
Шешілмей көңілдегі мұң-сәлесі
Сағыныш аймалаған сол сезім қайдан маған
Ертегінің қашан бітер әуресі
Болайық кейіпкері ертегінің мәңгіге
Бітпесін әңгіме
Тәңірден тілейтін бағым
Бір сенсіз мына өмірім ойлашы сәнді ме
Тағдырым мәңгі ме
Өзіңе мен мәңгіге іңкәріммін
Сен үшін бәрінен де өтер едім
Жүрекпен бар дертіңді көтеремін
Сарғайдым өзіңді іздеп
Тоңдырды суық күздер
Бақ құсым неге маған бөтен едің
Болайық кейіпкері ертегінің мәңгіге
Бітпесін әңгіме
Тәңірден тілейтін бағым
Бір сенсіз мына өмірім ойлашы сәнді ме
Тағдырым мәңгі ме
Өзіңе мен мәңгіге іңкәріммін