Дастан Оразбеков
Текст

Көк аспан

Дастан Оразбеков

Оцените песню: Голос вверх 1534 Голос вниз 46

97%
3%
Көк аспаннан жаңбыр баяу төгілгенде
Ақ бұлттардан әсем бейне көрінгенде
 
Сұлулығын ойлайсың ба бұл өмірдің
Ұлылығын жүрегіңмен сезінгенде
 
Көрсетіп жалғандықтың аз жағын
Көтертіп бар шындықтың салмағын
Ауыр салмағын
 
Қиындық өтсе, жарық бар алда
Жетесің "жеңіс" деген аралға
Әсем аралға
 
Көк аспаннан жаңбыр баяу төгілгенде
Ақ бұлттардан әсем бейне көрінгенде
 
Көрсетіп жалғандықтың аз жағын
Көтертіп бар шындықтың салмағын
Ауыр салмағын
 
Қиындық өтсе, жарық бар алда
Жетесің "жеңіс" деген аралға
Әсем аралға
 
Жан-жағыңнан қараңғылық қоршағанда
Бір сәуле бар көрінетін аңсағанға
 
Жүрегіңнен, жүрегіңнен жарық сұра
Қарсы алдыңнан жол көрсетер ол саған ақ