Ауылға кел
Ауылға кел, қалқатай
Бұл ауылда ару жоқ саған теңесер
Сен сүйкімді болмасаң адал демес ел
Бұрымыңнан жусанның жұпар иісі аңқып
Қылығыңнан көктемгі
Қылығыңнан көктемгі самал жел еседі
Жүрісіңе қарайтын қызығып бәрі
Өтші біздің көшеден сызылып тағы
Ауылымнан кеткенде мектеп бітіріп
Қалды тәтті сол шақтың
Қалды тәтті сол шақтың үзіліп дәмі
Ауылда кел, қалқатай, ауыл күшті ғой
Сен кеткелі екі рет қауын пісті ғой
Автобус кеп тоқтаса ауыл шетіне
Сен түсер деп жүрегім
Сен түсер деп жүрегім алып ұшты ғой
Еске алсам күлемін жастық күнімді
Енді міне ер жеттім асып тұғырды
Бір көшеде тұрған соң көршілес болып
Саған айта алмаппын
Саған айта алмаппын ғашықтығымды
Ғашықтықтан қадамды анық басамын
Керек десең ауылда қалып тосамын
Сен ауылға диплом әкелген кезде
Серт етемін сол күні
Серт етемін сол күні алып қашамын
Ауылда кел, қалқатай, ауыл күшті ғой
Сен кеткелі екі рет қауын пісті ғой
Автобус кеп тоқтаса ауыл шетіне
Сен түсер деп жүрегім
Сен түсер деп жүрегім алып ұшты ғой
Ауылда кел, қалқатай, ауыл күшті ғой
Сен кеткелі екі рет қауын пісті ғой
Автобус кеп тоқтаса ауыл шетіне
Сен түсер деп жүрегім
Сен түсер деп жүрегім алып ұшты ғой
Ауылда кел, қалқатай, ауыл күшті ғой
Сен кеткелі екі рет қауын пісті ғой
Автобус кеп тоқтаса ауыл шетіне
Сен түсер деп жүрегім
Сен түсер деп жүрегім алып ұшты ғой
Сен түсер деп жүрегім
Сен түсер деп жүрегім алып ұшты ғой