Жүрегімнің жан сыңары жүрсің әлі сен есімде
Сенсіз маған күн шуағы қара бұлттай сенесің бе
Сенсіз Медеу Көктөбе де көркем емес көресің бе
Қол ұстасып меніменен Алматыға келесің бе?

Біздер талай аралаған бақта думан басталғандай
Бірақ осы қала маған сен кеткелі бос қалғандай
Жеткім келіп шын бағаңа жүрмін сезім елесіңде
Тұрайықшы бір қалада Алматыға келесің бе?

Орансада қала баққа суреттеуге сөзім жетпей
Қаладағы ғаламатқа тұрғандайсың өзің жетпей
Іздеп барсам еліңе мен көңіліңді-ай бересің бе