Тамғанда, тамшы моншақ жанарыңнан тамғанда
Жаның жалғыз жабырқаулы қалғанда
Көкте жұлдыз жанғанда
Жолдарға қарай-қарай қарашығың талғанда
Жауқазындай жаурағанда тоңғанда
Сезім гүлі солғанда
Мені ізде, ғашықтардың әлемінен
Мені ізде махаббаттың әлегінен
Мені ізде, ізде мені
Мені ізде қайтқан құстың сәлемінен
Мені ізде әндерімнің әуенінен
Мені ізде, ізде мені
Кей-кейде ақ арманың алдамшы елес бергенде
Сағыныштың бағынан гүл тергенде
Жүректі мұң жеңгенде
Шерменде көңіліңе тұманды ойлар төңгенде
Айдың нұры аймалаған көлдерде
Сыңар аққу көргенде
Мені ізде ғашықтардың әлемінен
Мені ізде махаббаттың әлегінен
Мені ізде, ізде мені
Мені ізде қайтқан құстың сәлемінен
Мені ізде әндерімнің әуенінен
Мені ізде, ізде мені
Көктемде көкте бұлттар көз жастарын төккенде
Жаздың таңы жанға шуақ сепкенде
Сағым күндер өткенде
Ашқанда күз құшағы бақтар сәні қашқанда
Ақ ұлпақ қар айналаны басқанда
Үміт үзбе жасқанба
Мені ізде, ғашықтардың әлемінен
Мені ізде махаббаттың әлегінен
Мені ізде, ізде мені
Мені ізде қайтқан құстың сәлемінен
Мені ізде әндерімнің әуенінен
Мені ізде, ізде мені