Өзегім өрттей жанады сені көрмесем көрмесем
Әлдилеп сені әніме қосып тербетем тербетем
Жаралы болған жас жүрегімді емдесең емдесең
Жетемін саған қалықтап құстай кел десең кел десең
Сен дегенде шырқатып әнге саламын саламын
Сенімен бірге сезім бақшаға барамын барамын
Жасындай өткір қадалған сәтте жанарың жанарың
Баладай болып байланып тілім қаламын қаламын
Елігім еркем сұлуым көркем арқауы сенсің әнімнің
Жыр әні болшы шуағы болшы сыңары болшы жанымның

Төгілген шашың талдырмас белге жарасар жарасар
Көркіңе сенің көктеген күнде таласар таласар
Ақ дидарыңа айналам түгел қарасар қарасар
Жүзіңді көрсе жігіттер естен адасар адасар
Көзіңнен көрдім ақ махаббаттың арайын арайын
Сенімен жаным өмірлік бақыт табайын табайын
Қолыңды берші қасыңда мәңгі болайын болайын
Өзіңмен бірге өмірдің отын жағайын жағайын