Сенесің бе? өзіңсіз тым қиын
Сенесің бе? іздеудемін
Көңілімнің таба алмай бір күйін
Сенесің бе? үміт үзбеудемін
Қайырмасы:
Жаным, жанарың таңдай
Жаным, аралың шалғай
Саған ұшқым келеді
Жаным, амалым қандай
Амалым қандай
Есіңде ме кездескен көктемің
Есіңде ме ұялғаның
Уақытымның сезбеспін өткенін
Қоштасарда сені қия алмадым
Қайырмасы:
Жаным, жанарың таңдай
Жаным, аралың шалғай
Саған ұшқым келеді
Жаным, амалым қандай
Мәңгілікке болыппын шын ғашық
Мәңгілікке мұң силадым
Сағыныштың сазымен сырласып
Мәңгілікке қалады дидарың
Қайырмасы:
Жаным, жанарың таңдай
Жаным, аралың шалғай
Саған ұшқым келеді
Жаным, амалым қандай -