Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып
Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген
Ту қададым тың жерге қол тимеген
Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел
Кім бар екен еңбекке бас имеген
А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып
Бермей-ақ қой орамал кестелеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Мен болар ек сендейді ескермеген
А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып -