Айдар Тұрғанбек
Текст

Неге мені түсінбейсің?

Айдар Тұрғанбек

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Бәрі бітті қош бол дейді ол
Тым болмаса сәл қасымда бол
Тұман басты көрінбейді жол
Ауыр сөздер айтып ем қатты
Жылағаны жаныма батты
Жыламауға тырысып жатты
 
Неге мені түсінбейсің?
Табиғаттың күшіндейсің
Бәрін мүлдем ұмытқаным
Айтшы жаным кім үшін дейсің?
Мен ешқашан түсінбейтін
Өңім емес түсімдейсің сен
 
Жағдайыңды білдім құрбыңнан
Қабағыңда мұң тұнған
Менде сені көрдім сыртыңнан
Сені қатты сағынып жүрмін
Қатемді де кінәмді білдім
Түсіндірем бәрінде бір күн
 
Неге мені түсінбейсің?
Табиғаттың күшіндейсің
Бәрін мүлдем ұмытқаным
Айтшы жаным кім үшін дейсің?
Мен ешқашан түсінбейтін
Өңім емес түсімдейсің сен