Анасыз баланың жетім ғой күйі де
Балалар жылайды жетімдер үйінде
Есіркеп басынан сыйпалай қойсын кім
Жетімдер ұйықтайды құшақтап ойыншығын
Күлмейді көздері үйінде өзгенің
Ана деп айта алмай сүт дәмін сезбеді
Жасаурап жанары көшеге қарады
Аналар баласын жетектеп барады
Бақытты баладай ұйқысы қанса да
Телмірген әйнектен жетімдер қаншама
Шашпаса күн шуақ гүл қалай көктейді
Әлемнің мейрімі анаға жетпейді
Бұл күй кімге ұнайды
Өткізе алмай күн, айды
Анасы жоқ сәбилер
Үнсіз ғана үнсіз ғана жылайды
Бөтен үй, бөтен ой
Қонақсың десе ғой
Алыстан мені іздеп
Анашым келсе ғой
Сан арман күн-түні
Жүректен қарасын
Табармын бір күні
Аман жүр анашым