Assyl
Текст

Жаңа жыл

Assyl

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз 1

80%
20%
Жаңа жауған аппақ ақшақарындай.
Есігімнен енген, орындала берсін
Жылмен бірге жаңа барлық арман-ай.
 
Жайлы болып лайым, құт пен ырыс толсын
Кең жазира дархан байтақ жеріме!
Оңнан туып айым, бақ боп қыдыр қонсын
Берекелі жыл боп қазақ еліме!
Қ-сы
Жаңа арайлы таңнан
Жаңа ән болып салған
Жаңа үміт пен арман
Жаңа жыр да, жаңа сыр.
Жаңа шырағын жағып,
Жаға жұлдызы жарық,
Жаңа күндерің алып
Жаңа келді жаңа жыл!
 
Мақсат-мұрат толы, көңілменен күткен
Мол табысын ала келсін жаңа жыл!
Түгенделіп жоғы, барша ел-жұрт біткен
Болашаққа қадам бассын жаңа бір!
Жарып шыққан жүрек, ақтарылып тілек
Сыйлайықшы жақсы ниет жанға нұр.
Аңсаттырып көптен, сағындырып жеткен
Жаңа, жаңа құтты болсын жаңа жыл!