Assyl
Текст

Сәлем

Assyl

Оцените песню: Голос вверх 91 Голос вниз 2

98%
2%
Сәлем, Қазақ даласы, далам менің,
Сәлем, Қазақ даласы, далам менің,
Сая таулы, самал жел, саумал көлім.
Жер асылы, думанды ел, бақытты елім,
Әнім-жырым арналсын саған елім.
 
 
[Қайырмасы]
Саған сәлем беремін,
Бақытты елім, ер елім
Жазық жайлау, егінжай,
Көз жеткісіз көлемің.
Сенің әнім салғаным,
Сенсің жырлар өлеңім.
 
 
Сәлем, саған қадірлі Қазақстан,
Алыстарға атағың самғап ұшқан.
Сен зымырап алдағы жақсы күнге,
Ән салайын тынбайын мен дауыстап.
 
 
[Қайырмасы]
Саған сәлем берем мен,
Әнмен, әсем өлеңмен.
Бірге жасап келем мен,
Сендей күшті зор елмен.
Өз балаңмын, ұлыңмын,
Бақытыңа кенелген.
 
 
Саған сәлем беремін,
Бақытты елім, ер елім
Жазық жайлау, егінжай,
Көз жеткісіз көлемің.
Сенің әнім салғаным,
Сенсің жырлар өлеңім.
 
 
[Қайырмасы]
Саған сәлем берем мен,
Әнмен, әсем өлеңмен.
Бірге жасап келем мен,
Сендей күшті зор елмен.
Өз балаңмын, ұлыңмын,
Бақытыңа кенелген. -