Assai тобы
Текст

Томпақ қыз (2016)

Assai тобы

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Сүп-сүйкімді бір қыз, Домаланып тұрсыз,
Томпаңдаған сұлу қайдан жүрсіз?
Кім екен деп тұрмыз, Біз сүйсініп жүрміз,
Сұлулығы нұрын шашқан күнсіз!
Томпақ өзі томпақ , Әлсіз өзі қорқақ,
Айта алмай атын тұрды - тілсіз !
Домаланған көзі, Бір тартымды өзі ,
Томпақ қыз -ау , Кімді іздеп жүрсіз?
 
Томпақ , Томпаңдап жүрседағы қаңбақ,
Диета ұстамашы талғап,Осылай ұнап қалдың сен!
Томпақ , Сүйеміз сені ғана таңдап,
Жарасқан өзіңізге салмақ, Осылай сүйкімдісің сен!
 
Еліктірді сөзің, Мөлдір екен көзің,
Бұдан артық не керек деп тұрсыз.
Төкпе көзден жасты, Бар болғаны жақсы,
Табиғаттың өзі сүйген тілсіз.
Жаратқанның өзі, Тура болып көзі,
Тек ауырмай жүрсең сұлу гүлсіз.
Томпаңдаған томпақ, Бізге қарай жол тарт,
Қылығыңа біз қызығып тұрмыз!!!