Assai тобы
Текст

Қайда жүрсің

Assai тобы

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Жылдар жылжып өтсе дағы, өтсе дағы арадан,
Кетпей қойдың өшпей қойдың, өшпей қойдың санадан.
Ұмыта алмай сенің мөлдір, сенің мөлдір көзіңді,
Жүрегімде тербетемін, тербетемін сезімді.
 
Қайда жүрсің, қайда жүрсің?
Бұл күндері жан сәулем.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
 
Көз алдымнан сенің бейнең, сенің бейнең кетпейді,
Жаным сыздап уақытым, уақытым өтпейді.
Кездесетін күн болама, күн болама болмайма,
Саған қарай апаратын, апаратын жол қайда.
 
Қайда жүрсің, қайда жүрсің?
Бұл күндері жан сәулем.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
 
Сенде кетті жастық шағым, жастық шағым жалыным,
Сол күндерді сол түндерді, сол түндерді сағындым.
Сен де мені есіңе алып, есіңе алып аяулым,
Ақ жүзіңді басты ма екен, басты ма екен қаяу мұң.
 
Қайда жүрсің, қайда жүрсің?
Бұл күндері жан сәулем.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.
Өтіп жатыр бар өмірім,
Жалғыз сені аңсау менен.