Арай тобы
Текст

Қасымда бол

Арай тобы

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Асау өмір арнасында
Жалғыз қалмай жар басында
Арман жолын таңдасуға қасымда бол.
Күліп жүрмей жылағанда
Биік шыңнан құлағанда
Жаным көмек сұрағанда қасымда бол.
 
Қайырмасы:
Айдан алқа тағылғанда,
Сағым болма сағынғанда.
Санамда ой сабылғанда қасымда бол.
 
Бақыт тойын тойлағанда
Дос бауырды ойлағанда
Мейірімге тоймағанда қасымда бол.
Алғыс айтып атқан таңға
Бақыт тілеп барша жанға
Қуаныштан шаттанғанда қасымда бол.
 
Қайырмасы:
Айдан алқа тағылғанда,
Сағым болма сағынғанда.
Санамда ой сабылғанда қасымда бол.