Көздеріме қарадың күлімдеген жүзіңмен
Қарадың неге айтшы жауабын
Өтіп жатыр бұл кеш те ұқсап тұр ғой елеске
Сүйсініп саған да мен қарадым
Кел жақындашы маған болшы қасымда менің
Сеземін қарасыңның бар сырын
Түсінші қасыңдамын, қасыңдамын мен жаным
Маған ғана сыйлашы жаныңды
Қ-сы
Қалғым келеді қасыңда өзіңменен жалғыз, жалғыз
Тезірек келші қасыма бірге болсыншы жанымыз
Құшағыма жаным оралшы еркелеші тағы тағы
Есімді бір күн жоғалтшы бағым болшы жалғыз жалғыз
Әдемі шырқап әнді қарадым ойлана мен
Қасыма келетініңді сезем
Жүзің тербетті жанды келген кезде қасыма
Ризамын жаным сенің барыңа
Сыңғырлаған үніңмен қарадың бұрыла сен
Жүрегімнің сезші сен қалауын
Жүргеімнің дүрсілін сеземін құшағымда
Осы сәтті ешкімге бермеймін
Қ-сы х2