Бір көріп сені ұнатып қалғандаймын
Көрмесем бір сәт өзіңді армандаймын
Жүректі бірден өртеген жалындайсың
Еркелеп салған көктемнің назындайсың
Мен сені жаным арманыма балаймын
Сен үшін төземін өртеніп жанайын
Махаббатымды барлығымды тек саған
Cаған арнаймын
Мөлдіреп көзің сен маған күлімдейсің
Бақтардың әсем ашылған гүліндейсің
Сен менің жаным сүйікті жарым болшы
Аңсатпай енді қолыма келіп қоншы
Мен сені жаным арманыма балаймын
Сен үшін төземін, өртеніп жанайын
Махаббатымды барлығымды тек саған
Саған арнаймын [x4]