Шуақты жер іздеп, бағы кең,
Тонып ең, жаныма қонып ең.
Жылы жақ іздеген құстардан
Сені іздеп жаныңда қалып ем.
Жүректі күлкіңе малып ем,
Бақыттан есімнен танып ем.
Жаным-ау сен қайда барасың
Жанымның маздаған жарығы ең.
Қайырмасы:
Сеніп ем, сеніп ем, сеніп ем,
Қолыма гүл ұстап келіп ем.
Өмірім бірге өтсе деп едім
Сенімен, сенімен, сенімен.
Қиналам, күрсінем, егілем,
Амалсыз көнемін, берілем.
Жүрегім өртеніп барады
Сеніп ем, сеніп ем, сеніп ем.
Арманға, қиалға серік ем
Жанбермес бағымның елігі ем
Сен десе жан аяз қыстыңда
Көксеңгір мұздарды ерітем.
Не дауа мұңайған жаныма
Өзіңді өтермін сағына.
Жұбатпа сен мені, жұбатпа
Ұя салып өзгенің бағына.
Қайырмасы: