Мекендеп ғаламшардың кең даласын
Ұлы деп үлгі тұтқан ер бабасын
Мен үшін бақыт байлық мақтанышты
Қазағым қайсар елім сен ғанасың
Адаспай жүрген адал жолыменен
Тұрғандай қойнауына толып өлең
Дастанға айналдырып өз тарихын
Тастарға қашап жазған қолыменен
Қ-сы
Шіркін-ай, қандай ғажап атың қазақ
Ер- қазақ, ақын- қазақ, батыр- қазақ
Айналып алтын қанат қыран құсқа
Биікте самғап бара жатыр қазақ
Бүгінде қуаныштың төріндемін
Үш жүзге ?? бөлінбедің
Жығылмас бостандықтың белгісі боп
Жасай бер, жасана бер, елім менің
Қ-сы х3
Шіркін-ай, қандай ғажап атың қазақ
Ер қазақ, ақын қазақ, батыр қазақ
Айналып алтын қанат қыран құсқа
Биікте самғап бара жатыр қазақ