Ақбота Керімбекова
Текст

Неге, неге

Ақбота Керімбекова

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
 
 
Тым асығып, тым аптығып,
Қателесіп, құлап, тұрып,
Сезім кешіп, жылап-күліп
Келемін.
Санаға сан сұрақ тұнып,
Сабырымды сынап күдік.
Жанымды əлсіз жұбатты үміт, -
Сенерім.
 
Қайырмасы:
Неге, неге, неге?
Айыптымын алдыңда?!
Неге, неге, неге?
Лайықтымын бар мұңға?!
Неге, неге, неге?
Жылаған кім?
Жаңбыр ма?
Неге, неге, неге?
Жалғыздық па?
Тағдыр ма?
 
Жұлдыздары шашып нұрын,
Жұбатады жақұт түнім,
Жоғалтпаған уақыт құнын жан бар ма!?
Атып таңым, батып күнім,
Ауыр ойдың татып мұңын,
Жүрсем дағы бақыттымын жалғанда.
Бақыттымен мен.
 
Қайырмасы:
Неге, неге, неге?
Айыптымын алдыңда?!
Неге, неге, неге?
Лайықтымын бар мұңға?!
Неге, неге, неге?
Жылаған кім?
Жаңбыр ма?
Неге, неге, неге?
Жалғыздық па?
Тағдыр ма?