Ақбота Керімбекова
Текст

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Ақбота Керімбекова

Оцените песню: Голос вверх 631 Голос вниз 30

95%
5%
Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
 
Намыстан бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан
 
Жасырмай айтар болсам жан сырымды
Тағдырым қарауылға қанша ілінді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
 
Сүймеген сені азамат, азамат па
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың
Қазақтың қызы деген ғажап атқа
Қазақтың қызы деген ғажап атқа