Ақбота Керімбекова
Текст

Іздеме

Ақбота Керімбекова

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Шаттығымды ұрлатып көк түндерге,
Кірпігімнен жаңбыр құйған гүлдерге.
Сағынышты сырларымды жеткіз деп,
Сыбырлағам талай кеште желдерге.
 
Сыйлап едің маған бақыт гүліңді,
Сол қызғалдақ сертсіздіктен жұлынды.
Нүкте қойып махаббатқа мен бүгін
Жұбатамын жүректегі гүлімді.
 
Сенде мені сағынбашы, іздеме
Іздемеші көктемде де, күзде де.
Сенде енді үмітіңді үркітіп,
Арнай берші сезіміңді өзгеге.
 
Қиын білем, арылуың сезімнен,
Төгіледі мөлдір моншақ көзімнен.
Бәрін-бәрін өткен күге еншіғып,
Күресейік арпалысқан өмірмен.
 
Сенде мені сағынбашы, іздеме
Іздемеші көктемде де, күзде де.
Сенде енді үмітіңді үркітіп,
Арнай берші сезіміңді өзгеге.
Сенде енді азаптама жаныңды,
Өшіре сал кеудеңдегі жалынды.
Сенде мені ұмытуға бел буып
Басқа жаннан тапшы күткен бағыңды.