Сам жамырап, жарқырады самала
Кел, қалқатай, кел қаланы арала
Бақыттылар байқамайды уақытты
Сағатыңа әлсін-әлсін қарама
[Қайырмасы]
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде
Кел, баралық, көк белеске, тау жаққа
Арайлайық, сырласайық аулақта
Жамылайық жапырағын желектің
Қолымыздан гүлдер еккен бау-бақша
[Қайырмасы]
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде
Өтер күндер, өтер дәурен жастық шақ
Жастық жақсы жарасқанда жас құсап
Лаулай түссін жүректегі от-жалын
Жазылмасын, жазылмасын дос құшақ!
[Қайырмасы]
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде -