Көзді жұмған сәтте
Өткен өмір зымырайды
Дереу сөнген сезімдер
Енді мені жылытпайды
Сенбеймін мен енді
Сен айтсаң да түрлі ертегілер
Сөнбеймін мен енді
Тек ұмтыламын жарқын ертеңіме
Қателерім кетті келмеске
Мен үшін айналдың елеске
Жаңа өмір жолын елестет
Енді менсіз тек
Мен бәрін өзгертемін
Қалмады ешбір сенім
Егер келсе мұң
Мен оны өзіммен ерітемін
Артыма қарамай тек
Дегеніме жетемін
Тек күрсінемін
Бәрі түскенде есіме
Келмейді ол қайтып
Сен айтсаң да түрлі ертегілер
Уақыт зымырайд
Ал мен ұмтыламын жарқын ертеңіме
Қателерім кетті келмеске
Мен үшін айналдың елеске
Жаңа өмір жолын елестет
Енді менсіз тек
Бәріне кеш
Тек сен ренжімеш
Мұңым болса да
Көрсетпеймін еш
Қайталанбайтын стиль
Мендей ешкім жоқ
Tell me what you feel
Енді мен айтпаймын стоп деп
Қателерді мен
Қайталай алмайм
Бір басқан жерді
Екі рет баса алмайм
Немене қайталап
Білесің өзің де
Сезімдерге ерік бермеймін келесіде
Бұл өзгерген әлем
Иә, мен оны білем
Қиын болса да мен
Дегеніме жетем
Өзгерістерден енді қорықпайм
Армандарды орындаймын толықтай
Қателерім кетті келмеске
Мен үшін айналдың елеске
Жаңа өмір жолын елестет
Енді менсіз тек
Бәріне кеш
Тек сен ренжімеш
Мұңым болса да
Көрсетпеймін еш
Қайталанбайтын стиль
Мендей ешкім жоқ
Tell me what you feel
Енді мен айтпаймын стоп деп