Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе,
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып,
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?
Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір.
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр.
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.
Қайырмасы:
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Қолында Мариямның өткір қайшы.
Қағазға Мариям аты жазылсайшы.
Қор болып бір жаманға кеткенімше,
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!