Арман-ай тым алысқа әкеттің-ау сен мені
Қайғы ма, қуаныш па, әуре боп жүрмін бе әлде?
Өзіңсің көңіл жықпас жұбанышым әзіргі
Армандар орындалар ма осынау өмірде?
Қ-сы:
Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған
Әуре еткен жеткізбейтін жүйрік едің қалай жетем
Көңілім сірә менің басылар ма екен?
Ақ арман аялдама алысқа биік самға
Серт еттім сол биікте сенімен табыспаққа
Апарсаң – сонда апар, тек жарға жықпа мені
Іздеген үмітімнен мені алыстатпа
Қ-сы: х3
Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған
Қайда бастап барасың сен ғашықпын саған
Әуре еткен жеткізбейтін жүйрік едің қалай жетем
Көңілім сірә менің басылар ма екен?