Жолдасбек Абдиханов & Абзал Молдабеков
Текст

Досым

Жолдасбек Абдиханов & Абзал Молдабеков

Оцените песню: Голос вверх 169 Голос вниз 4

98%
2%
Досым
Жаныма адал менің
Досым
Тағдырда табам дедім
Досым
Арналсын жүрек әндерім
Саған менің
Досым
Мен үшін жанашырдай
Досым
Бір үйдің баласындай
Досым
Сыйласып өтейікші біз
Дәл осылай
 
 
Өлшеулі өмірдейтін мынау майдандарда
Қосады дейді біздей досты пайғамбар да
Сен аман бол сен аман бол
Жанымнан ажырамай жүр менің досым
 
Досым
Ешқашан бөлінбейтін
Досым
Бір нанды бөліп жейтін
Досым
Сынақта еңсең түспесін
Өмір дейтін
Досым
Көрмесе сағынатын
Досым
Жаныма жаны жақын
Досым
Мұңайсам лезде қасымнан
Табылатын
 
Өлшеулі өмірдейтін мынау майдандарда
Қосады дейді біздей досты пайғамбар да
Сен аман бол сен аман бол
Жанымнан ажырамай жүр менің досым
 
Досым
Түсіріп бұраланға
Досым
Мені өмір сынағанда
Досым
Сенбеймін өзіңнен басқа
Бір адамға
Досым
Дос деген адамға бақ
Досым
Бітірдің маған қанат
Досым
Таниды меніде бәрі
Саған қарап
 
Өлшеулі өмірдейтін мынау майдандарда
Қосады дейді біздей досты пайғамбар да
Сен аман бол сен аман бол
Жанымнан ажырамай жүр менің досым

Другие песни от Жолдасбек Абдиханов & Абзал Молдабеков