Күздей болып сағынтасын тек мені ме
Аязды аппақ қысқы көп теңеме
Саған мен жазға айналып келіп тұрам
Көктемге кеткеніме өкпелеме
қайырмасы:
Мен саған жазға айналып барғым келеді
Жанында жаз болып мәңгі қалғым келеді
тас бауыр бұлттай сезіммін
Жауындай құйып өтер жанылмай сүйіп өтер
Жаны жаз түрі көктем жүрегі күз
Жігіттің жақсы екенін біледі қыз
Мезгілге ұқсайтынын махаббаттың
Үйретіп жүрейікші үнемі біз
қайырмасы:
Мен саған жазға айналып барғым келеді
Жанында жаз болып мәңгі қалғым келеді
тас бауыр бұлттай сезіммін
Жауындай құйып өтер жанылмай сүйіп өтер -