Жігіттер квартеті
Текст

Жас қалам

Жігіттер квартеті

Оцените песню: Голос вверх 421 Голос вниз 14

97%
3%
Кездессең ұрлана қараймын.
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын.
Сен үшін менде бар бір тілек
 
Есімде алғашқы сауық кеш.
Ләззатын тағдырдың өзің шеш.
Ләйліден айрылған Мәжнүндей,
Дәл қазір менде жоқ ақыл ес.
 
Сені артық көремін басқадан.
Сүйем деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің,
Жан сырын, жас сырын жас қалам.
 
Әлде бір бар шығар сүйгенің.
Тәкаппар менсінбей жүргенің.
Оны зор, мені қор санасаң,
Мейрімсіз соққаны жүректің.