Жігіттер квартеті
Текст

Ұмытпа мені

Жігіттер квартеті

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Солай болған бәрі де солай болған
Бір көргеннен көз алмай қарай қалғам
Содан бері арылмай сені ойлаудан
Аңсап келем жүзіңді арайланған
Содан бері арылмай сені ойлаудан
Аңсап келем жүзіңді арайланған
 
Іздегенмен үмітті үзбегеннен
Қайда қазір сол бақыт бізге келген
Сен жанымда жоқ деуге сенбей әлі
Сел болады ұқсап бір күзге кеудем
Сен жанымда жоқ деуге сенбей әлі
Сел болады ұқсап бір күзге кеудем
 
Жанарың мөлдір тұнықтан еді
Жанымды оттай жылытқан еді
Өзіңе іңкәр сезімім үшін               
Аяулым енді ұмытпа мені
Жанарың мөлдір тұнықтан еді
Жанымды оттай жылытқан еді
Өзіңе іңкәр сезімім үшін
Ұмытпа мені
 
Сол бір күннен естелік тек елессің
Орын алып ойымнан сен келесің
Араласып кетіп ең сағым күнмен
Неге менің түсіме жиі енесің
Араласып кетіп ең сағым күнмен
Неге менің түсіме жиі енесің
 
Жанарың мөлдір тұнықтан еді
Жанымды оттай жылытқан еді
Өзіңе іңкәр сезімім үшін               
Аяулым енді ұмытпа мені
Жанарың мөлдір тұнықтан еді
Жанымды оттай жылытқан еді
Өзіңе іңкәр сезімім үшін
Ұмытпа мені