Жігіттер квартеті
Текст

Мен сені кінәламаймын

Жігіттер квартеті

Оцените песню: Голос вверх 17 Голос вниз

100%
0%
Таң атқан сайын мөлдіреп 
Қиялдың көлін кешемін 
Ойлама мені сөнді деп 
Тыңдама жұрттың өсегін 
 
Шаттығым едің еңселі 
Қашықтап кеттіқ қалай бұл 
Бірақ та жаным мен сені 
Мен сені кінәламаймын 
 
Күлкіңді мүлде тобартып 
Өшті ме сол ән жалғанбай 
Қасыңнан мені жоғалтып 
Алғаның аздау болғандай 
 
Шаттығым едің еңселі 
Қашықтап кеттіқ қалай бұл 
Бірақ та жаным мен сені 
Мен сені кінәламаймын 
 
Сезімді жол мен жаңбырға 
Жеңдірдік екен қайтіп біз 
Байқамай қатал тағдырға 
Өзіміз үкім айтыппыз 
 
Шаттығым едің еңселі 
Қашықтап кеттіқ қалай бұл 
Бірақ та жаным мен сені 
Мен сені кінәламаймын