1. Сұлулықтың бірі кім десеңдер,
Мен айтайын оны білмесеңдер.
Табиғаттың көркі махаббаттың өрті,
Қыздарменнен сұлу жер беті.
2. Артық болмас бізге білсең оны,
Жарық қылар қыздар күлсе түнді.
Өздері үлбіреп, көздері мөлдіреп,
Жүректкрді жүрер тілгілеп.
қ-сы:
Қыздар-ай қыздар-ай боласың шөлдесем,
Жарықты білермем сендерді көрмесем.
Жетерме теңеуім ай десем, күн десем,
Сендерге ешкім жоқ теңесер.
Қыздар-ай қыздар-айсендерге не десем,
Сендерсіз сұлулық бар десе сенбес ем.
Сендерсіз ғашық боп сезіне білмесем,
Сендерсіз жер басып жүрмесем.
3. Жұлдыздардай сансыз аспандағы,
Көздің жауын алып жатсаңдагы.
Қайсыңды сынайын бәріңді қимаймын,
Қайсыңа өзімді сыйлайын.
4. Қыздар-ай нәр бердің жүрегіме,
Сендерсіз өмірдің керегі не.
Жайнаңда сан қыздар, гүл қыздар, нұр қыздар,
Өмірге сән берген жұлдыздар. -