Еркелеп өстік бала да болдық,
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей,
Кей-кезде көсем,дана да болдық.
Қайырмасы:
Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуантсам деймін өзіңмен бірге
Ырысым менен бақытты бөліп.
Піспеген әлі шала шығармын,
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар,
Кешіре көрші, анашым бәрін.
Қайырмасы:
Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.
Тағдырым білем қояды сұрақ
Жаппасын қатты есігін бірақ,
Басымды иіп отырмын мұңды
Барлығы үшін кешірім сұрап.
Қайырмасы:
Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.