Опасыз фәни - бұл жалған
Жұтады жуан- жұқаны.
Малыңа сенбе құлданған,
Қурайдың ол бір бұтағы.
Қай жаққа кетті аттанып,
Пікір қыл, сонау көп халық?
Жетеді қуып ат-табыт,
Кигізіп жеңсіз лыпаны.
Өтті-ау дүние жалған-ай
Қайта оралмас арман-ай
Дүние шіркін арман-ай
Аңдыма дүние қапысын,
Тірлік қыл Тәңір хақы үшін.
Жей гөрме жанның ақысын,
Қылкөпір ертең тұтады.
Ұл-қызың, досың жорықтас,
Ешбірі жебеп жарытпас.
Жігерлен, сілкін, ғаріп бас,
Ғұмырың желдей зытады.
Құл Қожа Ахмет, тағат қыл,
Ғұмырыңды қай жан санап тұр?
Топырақ пен судан жаратты -
Топырақ қайта жұтады.
Өтті-ау дүние жалған-ай
Қайта оралмас арман-ай
Дүние шіркін арман-ай
Арман арман арман-ай
Қайта оралмас жалған-ай -